«Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті» – анасын іздеген Жәнібек

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Бельгиядан Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек қазақ тілін үйреніп жүр. Бұл туралы Жәнібектің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасын қазақша дыбыстап, мәтінін де қазақша жазған. Оның сөзіне қарағанда, қазақ еліне сапары өмірін күрт өзгерткен.

«Арманым терең мұхитқа сүңгу болатын. Соңғы бірнеше күнде диплом алдым. Қазақша сөйлеу арқылы сіздерді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді. Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті», — деп жазды Жәнібек.

Сондай-ақ Жәнібек алғаш рет қазақша сөйлегеніне қатысты өзінің қатты тырысқанын жазды.

«Мен қазақша сөйлеуге тырыстым. Бұл туралы не ойлайсыз?», — деп жазды.

Көпшілік Жәнібекке қазақ тілін тез үйреніп, анасын табуға тілек білдірді.

Источник: https://smartnews.kz/news/kazakstan-zhane-kazak-halky-menin-omirimdi-ozgertti-%E2%80%93-anasyn-izdegen-zhanibek?fbclid=IwAR1OZyPOlqQ7fY17Si9y04gj1yW53bnmMPv3aostQtxYCGSDHcLbHA21zp4

https://smartnews.kz/news/kazakstan-zhane-kazak-halky-menin-omirimdi-ozgertti-%E2%80%93-anasyn-izdegen-zhanibek?fbclid=IwAR1OZyPOlqQ7fY17Si9y04gj1yW53bnmMPv3aostQtxYCGSDHcLbHA21zp4
Рубрики: СМИ