Павлодарда бала асырап алған отбасыларды қаржылық қолдау мәселесі көтерілді

Баланы асырауға берілетін жәрдемақыны 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Алмастырушы отбасылардың қордаланған мәселелерінің өзектілігіне байланысты «Ана үйі» қоғамдық қоры облыстың қабылдаушы ата-аналардың мемлекеттік органдардың өкілдерімен  дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.

Қордың уәкілетті өкілі Салтанат Сипатилованың айтуынша, ұйымның 11 жылдық жұмысы мен жүзеге асырған жобалары барысында 7005 бала балалар үйіне түспей, аналарымен бірге қалды. Сонымен қатар 1910 бала қабылдаушы отбасыларға орналастырылды. 

– Ең маңызды мәселелердің бірі қаржылық қолдауды қамтамасыз ету. Яғни, баланы асырауға берілетін жәрдемақыны 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін ұлғайту. Сондай-ақ, сүйемелдеу қызметтерінің, арнайы бағдарламалар мен тренингтердің болмауына байланысты қабылдаушы отбасыларды психологиялық қолдау мәселесі өткір болып тұр. Мұңдай отбасыларда және басқа да орналастыру нысанындағы отбасыларда тұратын жетім балалар үшін баспана алу мәселесі де өзекті екенін атап өту қажет, – деді Салтанат Сипатилова. 

Сонымен қатар, кездесуге Ақмола облысынан қабылдаушы әке, «Покажи мне небо» кітабының авторы қатысты. Ол өз оқиғасымен және тәжірибесімен бөлісіп, аталған мәселеге қатысты көзқарасы білдірді.

Источник: https://pavlodarnews.kz/pavlodarda-bala-asirap-al%D2%93an-otbasilardi-%D2%9Barzhili%D2%9B-%D2%9Boldau-m%D3%99seles%D1%96-k%D3%A9ter%D1%96ld%D1%96

Рубрики: СМИ