Анасын іздеген бельгиялық Жәнібек Қазақстанға қайта оралды
Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақ радиосының хабарлауынша, ол бүгін Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» шарасына қатысады деп жоспарланған.
«Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр», – делінген хабарламада.
Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атайды. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп жүр.
Еске салайық, Жәнібек Қазақстанға келіп, анасын іздеп, таппай кеткен. Оның есімі бүкіл елге тарап, анасының табылуына бүкіл ел тілекші болып отыр.
Источник: https://qaz365.kz/society/6641-anasyn-izdegen-belgiialyk-zh-nibek-kazakstanga-kaita-oraldy/