Жетім қалған екі баласының сыныптастарын қазақ отбасы асырып алды
Бақытжан мен Арзыгүл Әбдірахмановтар ұлдарының жетім қалған егіз сыныптастарын асырап алды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Әбдірахмановтар отбасы жападан жалғыз қалған 17 жасар Богдан мен Даниилді өз қарқорлығына алды.
«Олар менің екінші баламмен бір сыныпта оқыған. 9 сыныпта олардың анасы қайтыс болды. Туыстары Ресейде тұрады. Алматыда жақындары жоқ. Ал әкелері бала кездерінде қайтыс болған,» — дейді Арзыгүл Абдырахманова.
Арзыгүлдің айтуынша, олар жеткіншектерді бала күндерінен жақсы таныған. Егіздер Әбдірахмановтардың ұлдарының жақын достары болған.
«Екі бала барлық қиыншылықты көрген. Біреуін ғана алуға тағыда болмайды. Сондықтан егіз болғандықтан екеуін бірге алуды шештік,» — деп бөліседі отағасы.
Бақытжан мен Арзыгүлдің өздерінің үш баласы бар, енді олардың отбасы екі кісіге үлкейді. Олардың айтуынша, 5 баланың барлығы ата-анаға бірдей.
«Біздің жаңа отбасымыз керемет. Олар өте мейірімді адамдар. Бізге осылай көмектескендері үшін өте ризамыз. Біз жақындарсыз қалғанбыз. Сондықтан оларға үлкен рахмет,» — деп ризашылықтарын білдірді Богдан мен Даниил.
Елке сала кетейік, жақында егіздер жаңа отбасында бірінші туған күндерін тойлатты. Дәл сол құттықтау сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерге кеңінен тарап, миллиондаған қаралым жинады.
Источник: https://kazface.kz/new/1900/?fbclid=IwAR2ui393hW6rRpY7PQCZl2Nou3GG0sXvJ7nZ6gHkMkRs2RDxtKmqzV2Ti8E